Мемлекеттік сатып алу заңы аясында оқыту-семинары өтті

Мемлекеттік сатып алу заңы аясында оқыту-семинары өтті

Ағымдағы жылдың 27 наурызында БҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында БҚО мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасының бөлім басшысы А. Құдайбергенов пен бас маманы А. Каримованың қатысуымен, мемлекеттік сатып алу заңы аясында оқыту-семинары өтті.

Семинарға облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мамандары мен басқармаға қарасты арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының директорлары мен мамандары қатысты.

Оқыту-семинарының барысында Мемлекеттік сатып алу заңына еңгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша ақпарат беріліп, қатысушылар арасында сұрақтар талқыланды.