
Ағымдағы жылдың 30 қазаны күні облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында «Мейірбандық күндері» облыстық қайырымдылық айлығы және Халықаралық қариялар күні мен әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі аясында әлеуметтік сала ардагерлерімен кездесу өткізілді.
Кездесуге басқарма ардагерлері мен мамандары қатысты. Басқарма басшысы Б.Абуов ардагерлерді Халықаралық қариялар күнімен және әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесімен құттықтады.
Әлеуметтік салада көп жылдар бойы еңбек етіп, зейнетке шыққан ардагерлер тарихтан сыр шертіп, жұмыс барысында болған қызықты оқиғаларымен бөлісіп, басқарма ұжымын мерекемен құттықтады.