Волейболдан әлеуметтік сала қызметкерлері арасында облыстық турнир

Волейболдан әлеуметтік сала қызметкерлері арасында облыстық турнир

БҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күніне арналған әлеуметтік сала қызметкерлері арасында волейболдан облыстық турнир өткізілді.

17-18 қазан аралығында өткен жарысқа облыстың әлеуметтік саласында жұмыс істейтін мамандардан 25 команда қатысты.

Турнир нәтижесі бойынша Ақжайық аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен Ақжайық аудандық мансап орталығынан құрылған команда жүлделі үшінші орын, Орал арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының командасы екінші орын иеленіп, Круглоозерный арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының командасы жеңімпаз атанды.