
«Мейірбандық күндері» облыстық қайырымдылық айлығы аясында ағымдағы жылдың 2 қазаны күні тірек қимыл аппараты бұзылған және көру қабілеті нашар мүгедектігі бар адамдар арасында женіл атлетикадан Батыс Қазақстан облысының чемпионаты өтті.
Шараға Ақжайық, Бөрлі, Тасқала, Сырым, Шынғырлау аудандары мен Орал қаласынан 50 жуық спортшы қатысты.
Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Б.Абуов спортшыларға сәттілік тілеп, мерекемен құттықтады.
Спорттық шараны қолдау мақсатында Пара пауэрлифтингтен тірек қимыл аппараты бұзылған спортшы-ардагерлер арасында 2 дүркін Азия чемпионы 78 жасар ардагеріміз – Қ.Хасанов 8 шақырымды жаяу жүріп келген.
Шара соңында жеңімпаздар анықталып, қатысушылар естелік сыйлықтармен марапатталды.