1 қазаннан бастап жұмыс берушілерден субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыруға өтінімдер қабылдау басталады

1 қазаннан бастап жұмыс берушілерден субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыруға өтінімдер қабылдау басталады

Еnbek.kz порталы арқылы осы жылдың 1 қазанынан бастап 2025 жылы мемлекет субсидиялайтын жұмыс орындарын ұйымдастырғысы келетін жұмыс берушілерден және мүгедектігі бар азаматтарды жұмысқа орналастыру мақсатында арнайы жұмыс орнын жабдықтау үшін жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялауға өтінімдер қабылдау басталады.

Жұмыс берушілер өз кәсіпорнында субсидияланатын жұмыс орындарының мынадай түрлерін ұйымдастыра алады: қоғамдық жұмыстар, жастар практикасы, әлеуметтік жұмыс орындары және «Күміс жас» жобасы шеңберінде жұмыс орындары. Жұмыс беруші қосымша жұмыс орындарын ұйымдастырады, ал мемлекет жұмысшылардың жалақысын толық немесе ішінара төлейді.

Өтінімдерді қабылдау 2024 жылғы 31 қазанға дейін жалғасады.