
Ағымдағы жылдың 24-26 қыркүйегі күндері Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жанындағы қоғамдық кеңес мүшесі Хафиза Мұхтарқызы Утеулинаның Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің өкілдері Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Орал қаласындағы, Ақжайық ауданының Чапаев, Бәйтерек ауданының Дариян, Көшім ауылдарындағы әлеуметтік нысандарын аралады. Арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету саласындағы өзекті мәселелер қаралып, бірқатар ұсыныстар берілді.