«Отбасының цифрлық картасы» бойынша жиналыс өтті

«Отбасының цифрлық картасы» бойынша жиналыс өтті

Ағымдағы жылдың 13 қыркүйегі күні Батыс Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Д. Искакова Теректі ауданы әкімдігінде «Отбасының цифрлық картасы» және әлеуметтік тәуекелдердің алдын алу бағытындағы әдістемелік түсіндіру жиналысын өткізді.

Жиналысқа Теректі ауданы әкімдігінің мамандары, ауылдық округ әкімдері мен мамандары қатысты.

Кездесу барысында Д. Искакова «Отбасының цифрлық картасы» бойынша түсіндіру жұмысын жүргізіп, мамандар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

Батыс Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бас маманы Г. Нұриденова «Отбасының цифрлық картасының» жұмысы бойынша мамандарға әдістемелік кеңестер беріп, мамандардың сұрақтарына жауап берді.