БҚО бойынша 2020 жылы 18 этникалық қазақ оралман мәртебесін алды.

БҚО бойынша 2020 жылы 18 этникалық қазақ оралман мәртебесін алды.

Осы жылдың 6 айында 18 этникалық қазақ оралман мәртебесін алды.

1991 жылдан бері 17834-і этникалық қазақ тарихи Отанына қайта оралып, олардың бәрі оралман мәртебесін алғанын, бұл өңіріміздегі халықтың 2.7%-ын құрайды.

Сонымен қатар ол ағымдағы жылдың 13 мамырында Мемлекет басшысы көші-қон процестерін жетілдіру туралы заңға қол қойылды. Онда келесі жаңа ережелер көзделген:           

- «қандас» түсінігінің  жаңа нұсқасы. Оған сәйкес этникалық қазақтың бұрын Қазақстан Республикасының азаматтығында болмағандығы басты өлшем болып табылады;           

- жергілікті атқарушы органның оралман мәртебесін алты айдан аспайтын мерзімге, бір рет жеңілдетілген тәртіппен Қазақстан Республикасының азаматтығын алу мүмкіндігін кеңейту мақсатында ұзартуы;           

- атажұртына оралған қандастарымыздың тұрақты тұруға рұқсат алу үшін де, Қазақстан азаматтығын алу үшін де құжаттарды бір уақытта ұсыну құқығы болуы.           

Шетелдік жұмыс күшін (бұдан әрі - ШЖК) тарту квотасы, 2019 жылмен салыстырғанда 30%-ға азайды.           

«Жыл басынан бері 737-і ШЖК тартуға рұқсат берілді. Жұмыс берушілер 177,5 миллион теңге көлемінде салық төледі. Бұл ретте  кадрлардағы қазақстандық қамтуды қамтамасыз ету талабын орындайтын  компаниялардың үлесі қазір 69%-ы құрап отыр»