ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің мамандары БҚО ЖҚҮжӘББ кездесу өткізді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің мамандары БҚО ЖҚҮжӘББ кездесу өткізді

Ағымдағы жылдың 29 сәуірі күні ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің мамандары облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына келіп, мамандармен кездесті.

Кездесу барысында департамент мамандары Мемлекеттік қызмет заңнамасына енгізілген өзгерістер, соның ішінде мемлекеттік қызметке орналасу талаптары, тестілеу бағдарламасы, конкурссыз мемлекеттік қызметке тағайындау және мемлекеттік қызметке жаңа іріктеу жүйесі туралы айтылып, Мемлекеттік басқару Академиясына оқуға түсудің негізгі бағыттарымен таныстырды.

Қатысушылар кездесу барысында туындаған сұрақтарын қойып, пікірлерімен бөлісті.