Жыл сайын 1941 – 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне орай ҰОС ардагерлеріне, оларға теңестірілгендерге және басқа да санаттағы адамдарға біржолғы материалдық көмек көрсету дәстүрге айналғаны бәріңізге мәлім.
Аудандық/ қалалық мәслихаттардың шешімдерімен бекітілген «әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларына» сәйкес биылғы жылы Жеңіс күніне орай 4 828 адамға 341,2 млн.теңгеге біржолғы әлеуметтік көмек көрсету қарастырылды, соның ішінде:
- 2 667 алушыға, с.і. ҰОС ардагерлері және жеңілдіктер бойынша соларға теңестірілген ардагерлер, 151,2 млн.теңгеге.
9 мамырға көрсетілетін әлеуметтік көмектің мөлшерлері:
- ҰОС–ның ардагерлері (14 адам) –1,5 млн.тенге;
- Ленинград қ. қоршау кезеңінде жұмыс iстеген адамдар (2 адам) – 120,0 мың тенге;
- фашисттік лагерь тұтқындары (6 адам) – 120,0 мың тенге;
- қайтыс болған ҰОС-ның ардагерлерінің және соларға теңестірілгендердің әйелдері (151 адам) - 30,0 мың тенге;
- ҰОС жылдары тылда еңбек еткен (марапатталған және марапатталмаған) адамдар (2 494 адам) – 50,0 мың теңге.
- 2 161 алушыға, с.і. «Ардагерлер туралы» заңына сәйкес басқа санаттағы азаматтарға 190,0 млн.теңгеге:
- басқа мемлекеттердiң аумағындағы - Ауғанстан ұрыс қимылдарының ардагерлері (628 адам)-80,0 мың теңге (1-ші төлемдері 15 ақпанда 100,0 теңге мөлшерінде көрсетілді), тәжік-ауған учаскесінде, Таулы Қарабақта және Иракта болған әскери қызметшілер (683 адам)-100,0 мың теңге, ЧАЭС апатының салдарын жоюға қатысқандар, апаттың салдарынан мүгедектік тағайындалғандар-100,0 мың теңге және ЧАЭС қайтыс болған мүгедектік тағайындалғандардың отбасылары-60,0 мың теңге (барлығы 381 адам), Семей сынақ ядролық полигонындағы сынақ салдарынан мүгедектік тағайындалғандар (213 адам)-100,0 мың теңге, бейбіт кезінде қаза болғандар (198 адам)-60,0 мың теңге, бұрынғы КСР Одағын қорғау кезінде жаралануы салдарынан мүгедектік белгіленген әскери қызметшілер (52 адам)-100,0 мың теңге.
Атаулы күндер мен мереке күндеріне орай әлеуметтік көмек оны алушылардан өтініштер талап етілмей уәкілетті ұйымның тізімдері негізінде көрсетіледі.
Төлемдер ағымдағы жылдың 1 мамырына дейін толықтай жүргізілетін болады.