
Әлеуметтік сала мамандары – кез-келген азаматтың қиын кезеңіне бей-жай қарай алмайтын жүректері кең, жандары мейірімге толы азаматтар мен азаматшалар. Бұл саланы таңдаудың өзі қажымас қайрат пен қайсарлықты талап етеді. Өйткені әлеуметтік салада қызмет ететін әрбір жан – құрметті зейнеткерлерімізге, мүгедектігі бар қамкөңіл жандарға, өмірлік қиын жағдайдағы азаматтарға күнделікті көмек беріп, олардың қоғамның толыққанды мүшесі болып, өмірге белсенді араласуына асқан жауапкершілікпен, кең жүректерімен қалтқысыз қызмет көрсетеді.
Дәл осындай аяулы жанның бірі – Айжан Ахмеджанқызы. Ол 30 жылдан астам уақыт бойы Көшім арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында қызмет атқарады.
Ұжымда бала жанының бағбаны атанған - Айжан Ахмеджановна мерейлі 50 жасқа толды.
Айжан Ахмеджановна 1974 жылы 15 наурызда Батыс Қазақстан облысы Байтерек ауданы Ақсу ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын 1994 жылы Көшім арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында дезинфектор болып бастап, 1998 жылы санитарлық тазалықшыға ауыстырылса, 1999 жылдан бастап палата санитары қызметін атқарған. Мекемеде қызмет ете жүріп, Айжан Ахмеджановна өз еңбекжолын ерекше балаларға арнап, жұмыстануды ұйғарды. 2019 жылдан бастап тәрбиеші лауазымы бойынша қызмет атқарып келеді.
Мерейтой иесінің отбасында жолдасы ауылшаруашылық саласында жұмыс жасады. Жолдасы екеуі бір ұл, бір қыз тәрбиелеп отырған үлгілі, өнегелі отбасы.
Ұжымда Айжан Ахмеджановнаны кәсіби шеберлігі, жауапкершілігі және өз ісінің адалдығы, балаларға деген ерекше сүйіспеншілігі үшін құрметтейді.
Кәсіподақ комитеті мен ұжымдағы әріптестер мерейтой иесін құттықтай отырып, деніне саулық, отбасына амандық, өмірдегі бар жақсылықты тілеп, жұмысындағы адал еңбегі үшін алғысын білдіреді.