Бас бостандығынан айырылған азаматтарға жұмыспен қамтудың белсенді шаралары бойынша ақпараттық түсіндіру жұмысы өтті

Бас бостандығынан айырылған азаматтарға жұмыспен қамтудың белсенді шаралары бойынша ақпараттық түсіндіру жұмысы өтті

Ағымдағы жылдың 1 наурызы күні БҚО Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ұйымдастырумен БҚО бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №28 түзету мекемесінде бас бостандығынан айырылған азаматтарға жұмыспен қамтудың белсенді шаралары бойынша ақпараттық түсіндіру жұмысы өтті.
Шараға БҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бас маманы А.Харуллин, БҚО Еңбек мобильділігі орталығының маманы А.Сырым, Орал қаласы мансап орталығының маманы Д.Галиев аталған азаматтардың сұрақтарына жауап берді.