Облыста 24 мыңға жуық жұмыс орны құрылды

Облыста 24 мыңға жуық жұмыс орны құрылды

2023 жылы облыста жұмыссыздық деңгейі - 4,8%, жастар арасындағы жұмыссыздық - 3,6%-ды құрап отыр. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысының әкімі Төреғалиев Нариман Төреғалиұлы хабарлап айтты.

Облыс әкімінің хабарламасына сәйкес, Жыл сайын әрбір 10 мың тұрғынға 100 жаңа жұмыс орнын ашу туралы Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес өңірлік жұмыспен қамту картасы аясында 33 мыңға жуық жаңа жұмыс орындары құрылды. Соның ішінде 24 мыңға жуық тұрақты жұмыс орындары.

Сондай-ақ, 26 мыңнан астам отбасыға 2,7 млрд. теңгеге әлеуметтік көмектер көрсетіліп, нәтижесінде атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылар саны 31%-ға азайды.

Бұл ретте облыста атаулы әлеуметтік көмекті алатын отбасылардың үлесі 1,2% құрайды. Жалпы 2024 жылы тиісті әлеуметтік көмек көрсетуге 3,7 млрд. теңге қарастырылған.