Мерейлі жас!

Мерейлі жас!

Әлеуметтік сала – кез-келген азаматтың қиын кезеңіне бей-жай қарай алмайтын жүректері кең, жандары мейірімге толы азаматтар мен азаматшалар. Бұл саланы таңдаудың өзі қажымас қайрат пен қайсарлықты талап етеді. Өйткені әлеуметтік салада қызмет ететін әрбір жан – құрметті зейнеткерлерімізге, мүгедектігі бар қамкөңіл жандарға, өмірлік қиын жағдайдағы азаматтарға күнделікті көмек беріп, олардың қоғамның толыққанды мүшесі болып, өмірге белсенді араласуына асқан жауапкершілікпен, кең жүректерімен қалтқысыз қызмет көрсетеді.

Дәл осындай аяулы жанның бірі – Кайргалиева Камшат Орашқызы. Ол 25 жылдан астам уақыт бойы Орал арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында аспазшы қызметін атқарады. Осы күнге дейін жүректегі бар мейірімімен, ыстық алақанымен қамкөңіл жандарға жиырма бес жыл бойы ас дайындап, барша қызмет алушының алғысына бөленіп келеді.

Бүгінгі күні Камшат Орашқызы 50 жасқа толып, әлеуметтік саланың ардақты маманына айналып отыр. Осындай қуанышты сәтте, мерей той иесін туған күнімен құттықтай отырып, деніне саулық, қызметіне табыс, отбасына ортаймас бақ-ырыс тілейміз!