
27 қазан 2023 жылы БҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ұйымдастыруымен «Әлеуметтік қорғау саласы қызметкерлері күні» кәсіби мерекесіне орай, жыл қорытындысы бойынша үздік әлеуметтік қызметкерлерді салтанатты марапаттау кеші өтті.
Өзгенің мұң-мұқтажына бей-жай қарамайтын, жүрегі жұмсақ, жаны мейірімге толы әлеуметтік сала мамандары ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрінің құрмет грамоталарымен, алғыс хаттарымен, «Еңбек саласының үздігі» төс белгісімен, БҚО әкімінің алғыс хаттарымен, БҚО әкімі орынбасарының алғыс хаттарымен, БҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының алғыс хаттарымен, мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің Батыс Қазақстан облысының салалық кәсіподағының алғыс хаттарымен марапатталды.
Батыс Қазақстан облысы бойынша әлеуметтік саладағы үздік орталықтар мен бөлім анықталып, бағалы сыйлықтар табыс етілді.
«ҚР Әлеуметтік қорғау жүйесінің қызметкерлері күніне» орай ұйымдастырған «Үздік әлеуметтік қызметкер» конкурсына белсене қатысып, өз саласы бойынша үздік атанған әлеуметтік қызметкерлер марапатталды.
Шара соңы облыс өнерпаздарының мерекелік концертіне ұласты.