
Ағымдағы жылдың 20 қазаны күні облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ұйымдастыруымен Республика күні аясында және Қазақстан Республикасы әлеуметтік қорғау жүйесінің қызметкерлері күніне орай волейболдан әлеуметтік сала қызметкерлері арасында облыстық турнирдың ашылу рәсімі өтті.
Салтанатты шараға облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары А. Нарымбаев қатысып, айтулы мерекмен құттықтап, спортшыларға сәттілік тіледі.
Екі күнге созылатын турнирге жалпы есепте 24 команда қатысып, өзара бақ сынайды.