
2023 жылғы 19 қазанда «Атамекен» өнер ордасында Республика күніне орай, «Мейірбандық күндері» облыстық қайырымдылық айлығы және «Жанашыр Жүрек» Республикалық әлеуметтік акциясы аясында ерекше жандарға арналған Батыс Қазақстан облысы мүгедектері ерікті қоғамының мүгедектігі бар тұлғалардың шығармашылық әлеуетін дамытуға және өзін-өзі көрсетуге жәрдемдесу, қоғамға мүгедектігі бар адамдарды етене араластырудың тиімді тәжірибесін өрістету арқылы әлеуметтік сауықтыру, талант иелерін құрметтеу мақсатында XXV шығармашылық фестивалі өткізілді.
Бағдарламада аудандық және қалалық іріктеу байқау турынан өткен жеңімпаз мүгедектігі бар жандардың шығармашылық қол өнер көрмесі, эстрадалық вокал, аспапта ойнау бойынша таланттар марапатталды.