БҚО арнаулы қызмет көрсету орталықтарының қызмет алушылары «Қазақстан Арнайы Олимпиадасынан» жүлдемен оралды

БҚО арнаулы қызмет көрсету орталықтарының қызмет алушылары «Қазақстан Арнайы Олимпиадасынан» жүлдемен оралды

2023 жылғы қыркүйек айының 21-22 күндері Көкшетау қаласында «Қазақстан Арнайы Олимпиадасы» ҚБ ұйымдастыруымен «Пауэрлифтинг» және «Бочча» спорт түрлерінен республикалық турнир оздырылды. Аталған жарысқа Батыс Қазақстан облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты Орал, Круглоозерный, Ақсай, Ақжайық, Дариян арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының қызмет алушылары қатысты. Нәтижесінде «Поуэрлифтинг» бойынша мүгедектігі бар тұлғалар С.В.Кунденок I орын, С.Е.Красноруцкий ІІ орын, Н.И.Курпильдисова ІІІ орын, А.Ш.Утекова ІІ орын, С.С.Исмуратов ІІІ орын, Т.С.Исагулов ІІІ орын, Г.К.Джандуалиева ІІІ орын және Орал қаласының тұрғыны А.Верещагин І орын иемденсе, «Бочча» командалық спорт түрі бойынша А.И.Криуля, А.У.Скендирова, С.Г.Абдалова, А.Ю.Гихоренко жүлделі ІІ орынға ие болды.