
Алғашқы жұмыс орны – бұл 35 жастан аспаған жастар үшін бірінші жұмыс орнында кәсіби білім мен дағдыларды беруге арналған жоба.
Қазіргі таңда БҚО бойынша 169 жас маман осы бағдарлама арқылы еңбек жолын бастап жатыр.
Біздің бүгінгі кейіпкеріміз «Дизайн» мамандығын биыл ғана бітіріп, қолына дипломын алған жас маман – Индира Амангелдиева.
Ол 2 ай бұрын «Мария Ханым» сән үйіне жұмысқа орналасты.
Қазіргі таңда өз мамандығы бойынша еңбек етіп, тәжірибе жинауда.
«Алғашқы жұмыс орны» жобасы бойынша жұмысқа орналасқысы келген әр азамат Мансап орталығына жүгіне алады.