
Жастар практикасының мақсаты – университет пен колледж бітірген жастарды мамандығы бойынша жұмысқа орналасуға көмектесу, жұмыс істеуге бейімдеу, бастапқы жұмыс тәжірибесін жинауға мүмкіндік беру.
Қазіргі таңда БҚО бойынша жыл басынан бері 773 жас маман “Жастар практика” жобасы бойынша жұмыс жасап, тәжірибе жинауда.
Біздің бүгінгі кейіпкеріміз “Бастауыш сынып педагогы” мамандығын биыл ғана бітірген жас маман - Ангелина Алексадровна. Ол қолына дипломын ала сала жұмыссыз ретінде тіркеліп, “Жастар практикасы” арқылы жұмысқа тұрды. Қазіргі таңда өзінің мамандығы бойынша еңбек етуде. “Мамандығым-мақтанышым” деген ұранды алға қойған Ангелина, алдына келген әрбір оқушыға ерекше сүйіспеншілікпен, асқан жауапкершілікпен білім беріп келеді. Алдағы уақытта кейіпкерімізге сәттілік тілеп, үздік маман боларына үлкен сенім білдіреміз.
Жастар практикасына қатысқысы келген азамат Мансап орталығына барып тіркеліп, өтініш береді. Мансап орталықтарының тізімі мен байланыс нөмірі парақшада көрсетілген.