
2023 жылдың 25 тамызы күні «Тең қоғам» әлеуметтік қолдау орталығында БҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ұйымдастыруымен мүгедектігі бар адамдарды оңалтудың техникалық құралдармен және әлеуметтік қызмет көрсетумен қамтамасыз ету, заңнамаға енгізілген өзгерістерді таныстыру жөнінде кездесу өтті.
Кездесуге үкіметтік емес ұйым мүшелері мен мүгедектігі бар адамдар қатысты.