
2023 жылдың 28 шілде күні «Тең қоғам» әлеуметтік қолдау орталығында білім беру мекеме өкілдерінің қатысуымен ашық есік күні өтті.
БҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қолдауымен жүзеге асқан ашық есік күніне Орал қаласы бойынша 20 аса білім беру мекемесінен мамандар қатысып, білім алғысы келетіндер жастарға оқу ордалары туралы түсінік жұмыстарын жүргізді.
Ашық есік күнінде ерекше білім беру қажеттілігі бар адамдарды орта және жоғары оқу орындарында оқыту үшін жағдай жасалуы және кәсіби білім алу туралы ақпарат берілді.