
5 мамыр 2023 жылы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Оспанов Батыс Қазақстан облысына іс сапары аясында “Қамқор” белсенді ұзақ өмір орталығының жұмысымен танысты.
“Қамқор” белсенді ұзақ өмір орталығы 2023 жылдың 21 сәуір күні ашылып, аз уақыттың ішінде тұрақты қызмет алушыларды жинады.
Вице-министр орталықтың қызмет алушыларымен тілдесіп, барлық сұрақтарына жауап берді.
Өз кезегінде қызмет алушылар зейнет жасындағы азаматтардың бос уақытын тиімді өткізу мақсатында ашылған орталықтың жұмысына алғыстарын жаудырып, ризашылықтарын білдірді.