Ұлы Жеңістің 78 жылдығының қарсаңында

Ұлы Жеңістің 78 жылдығының қарсаңында

Жыл сайын 1941 – 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне орай ҰОС ардагерлеріне, оларға теңестірілгендерге және басқа да санаттағы адамдарға біржолғы материалдық көмек көрсету дәстүрге айналғаны бәріңізге мәлім.

Аудандық/ қалалық мәслихаттардың шешімдерімен бекітілген «әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларына» сәйкес биылғы жылы Жеңіс күніне орай 5 289 адамға 308,1 млн.теңгеге біржолғы әлеуметтік көмек көрсету қарастырылған, соның ішінде:

- 3 153 алушыға, с.і. ҰОС қатысушылары мен мүгедектері және жеңілдіктер бойынша соларға теңестірілген адамдар, 119,0 млн.теңгеге.

9 мамырға көрсетілетін әлеуметтік көмектің бірдейлендірілген мөлшерлері бекітілді:

  • ҰОС–ның қатысушылары мен мүгедектері (16 адам) –1,5 млн.тенге;
  • Ленинград қ. қоршау кезеңінде жұмыс iстеген адамдар (2 адам) – 120,0 мың тенге;
  • фашисттік лагерь тұтқындары (7 адам) – 120,0 мың тенге;
  • Кеңес Армиясының ерікті жалдамалы құрамының адамдары (1 адам) – 120,0 мың тенге;
  • қайтыс болған ҰОС-ның қатысушылары мен мүгедектерінің және соларға теңестірілгендердің әйелдері (166 адам) - 30,0 мың тенге;
  • ҰОС жылдары тылда еңбек еткен (марапатталған және марапатталмаған) адамдар (2 961 адам) – 30,0 мың теңге.

- 2 136 адамға – алушылардың қосымша санаттарына 189,1 млн.теңгеге:

  • басқа мемлекеттердiң аумағындағы - Ауғанстан ұрыс қимылдарының ардагерлері (669 адам)-80,0 мың теңге (1-ші төлемдері 15 ақпан күні 100,0 теңге мөлшерінде көрсетілді), тәжік-ауған учаскесінде, Таулы Қарабақта және Иракта болған әскери қызметшілер (644 адам)-100,0 мың теңге, ЧАЭС апатының салдарын жоюға қатысқандар, апаттың салдарынан мүгедектік тағайындалғандар-100,0 мың теңге және ЧАЭС қайтыс болған мүгедектерінің отбасылары-60,0 мың теңге (барлығы 390 адам), Семей сынақ ядролық полигонындағы сынақ салдарынан мүгедектік тағайындалғандар (217 адам)-100,0 мың теңге, бейбіт кезінде қаза болғандар (165 адам)-60,0 мың теңге, бұрынғы КСР Одағын қорғау кезінде жаралануы салдарынан мүгедектік белгіленген әскери қызметшілер (51 адам)-100,0 мың теңге.

Ағымдағы жылдың 24 сәуіріне төлемдер Ақжайық, Бәйтерек, Бөрлі, Жаңақала, Жәнібек, Казталов, Қаратөбе, Сырым, Тасқала, Теректі, Шыңғырлау аудандарында және Орал қ. 5 059 адамға 295,9 млн.теңгеге жүргізілді.