
Құқықтық мәдениетті көтеру мақсатында мүгедектігі бар адамдарға заңнама өзгерістерін түсіндіру үшін 16 наурызда «Тең қоғам» әлеуметтік қолдау орталығында ашық есік күні өтті.
БҚО әділет департаменті басшысының орынбасары Б.Агилманова, БҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Д.Искакова, БҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы М. Курманбаева, жеке сот орындаушылар палатасының сот орындаушысы А.Досжанов, БҚО адвокаттар алқасының адвокаты Э.Ишмуратова, БҚО нотариаттық палатасының жекеше нотариусы С. Жаметова ашық есік күніне қатысып, қолданыстағы заң аясында азаматтардың сұрақтарына жауап беріп, кеңес көрсетті.
Жалпы бүгінгі ашық есік күнінде 30-дан аса азамат өз сұрақтарының жауабын тауып, мамандарға ризашылығын білдірді.