
14 наурыз – «Көрісу күні» мерекесіне орай және «Наурыз» мейрамы қарсаңында БҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ұйымдастыруымен басқарманың құрметті ардагерлері мен мүгедектігі бар адамдардың сұрақтарымен айналысатын үкіметтік емес ұйымдардың өкілдеріне шағын мерекелік бағдарлама өтті.
Шара барысында халқымыздың салт-дәстүрі паш етіліп, концерттік бағдарлама әуезді ән мен мәнерлі биге ұласты.
Басқарма басшысы А.Көшкінбаев ардагерлер мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін атаулы мерекемен құттықтап, ыстық лебізін білдірді.