
Кез келген елдің жоғары деңгейде өркендеп дамуының басты алғышарттарының бірі – халқының мықты денсаулығы.
Осы орайда 15 наурыз күні «Отбасы» орталығында «Ұлт денсаулығы – ел байлығы» атты ашық есік күні өтті.
Ашық есік күні облыстық денсаулық сақтау басқармасы, Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің БҚО бойынша департаменті, қалалық емханалардың дәрігерлік-консультациялық комиссия төрағалары қатысты.
Ашық есік күніне келген 20-дан аса азамат мамандарға сұрақтарын қойып, заң аясында кеңес алды.