
2023 жылғы 2 наурыз күні БҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары С. Тугузбаеваның төрағалығымен басқарманың мемлекеттік қызметкерлерінің қатысуымен әдеп жөніндегі кеңестің отырысы өтті.
Кеңес отырысында мемлекеттік қызметкерлердің әдеп кодексін сақтауы, мінез-құлықтың жалпы стандарттарын ұстану, мемлекеттік қызметшілердің сырт келбеті, іскерлік киімі, қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлық стандарттары мен көпшілік алдында, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында сөйлеумен байланысты мінез-құлық стандарттары талқыланды. Сонымен қатар, қызметтік әдеп нормаларын бұзуға жол берген мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігі туралы жөнінде ақпарат ұсынылды.