Ағымдағы жылдың 17 ақпан күні «Тең қоғам» әлеуметтік қолдау орталығында мүгедектігі бар тұлғаларға ашық есік күні өтті.
Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы, қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі мен «Отбасы банкі» өкілдерінің қатысуымен өткен шарада 80 адам кеңес алды.
Тұрғын үй мәселесі, “Бақытты отбасы” бағдарламасы, пәтерді жалға алу ақысын субсидиялау, несиеге үй алу жайындағы сұрақтарға қолданыстағы заңнамаға сәйкес түсінік берілді.