Семинар кеңес өтті

Семинар кеңес өтті

15 ақпан 2023 жылы БҚО Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында мүгедектігі бар адамдарды оңалтудың техникалық құралдармен және әлеуметтік қызмет көрсетумен қамтамасыз ету, заңнамаға еңгізілген өзгерістерді таныстыру бойынша семинар кеңес өтті.

Кеңеске Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің БҚО бойынша департамент басшысының орынбасары, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары, облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшылары,үкіметтік емес ұйымдар қатысып, мүгедектігі бар адамдар мен балаларды оңалту бағдарламасы, білім жүйесіндегі қолжетімділік, заңнамаға еңгізілген өзгерістер талқыланды.