
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Вице-министрі Ербол Оспанов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында мүгедектігі бар адамдармен және ҮЕҰ өкілдерімен, медициналық-әлеуметтік мекемелердің еңбек ұжымдарымен және олардың қызметтерін алушылармен кездесулер өткізді. Сондай-ақ," Орал қаласының халықты жұмыспен қамту орталығы" ММ-нің жұмысымен танысты, өз бетінше тұруды сүйемелдеу үйіне барды, брифингке қатысты,"СалютОрто"протездеу және ортопедия орталығына барды. Ол өңір тұрғындарына ҚР Әлеуметтік кодексінің жобасында Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру шеңберінде көзделген Халықты әлеуметтік қолдау шараларының алдағы уақытта күшейтілетіні туралы айтып берді.