31 қазан 2022 жылы БҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ұйымдастыруымен «Мейірбандық күндері» аясында мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау және оңалту, оларды қоғамға тарту бойынша әлеуметтік қызмет көрсетудегі инновациялық бастамалар көрмесі өтті.
Көрмеге мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау және оңалту, оларды қоғамға бейімдеу бойынша әлеуметтік қызмет көрсетудегі білім беру мекемелері мамандары мен қоғамдық бірлестік мамандары қатысты.
Өңірде мүгедектігі бар адамдарды қоғамға тартуда белсенді қызмет көрсетіп жүрген қоғамдық бірлестік өкілдері мен арнаулы әлеуметтік мекемелерде қызмет көрсетуші мамандарға облыс әкімінің атынан және БҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының алғыс хаттары табысталды.
Шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты.