
Үкіметтік емес ұйымдар әр түрлі әлеуметтік топтар мен экономика салаларының мүдделерін білдіретін бақылаушылар ретінде ДСҰ-ның Министрлік конференцияларына шақырылады. (Нұр-Сұлтан, Қазақстан Республикасы, 8-11 маусым 2020 ж.)
Министрлік конференция шеңберінде ҮЕҰ жұмысы үшін орталық құрылады, оның алаңында ДСҰ сыртқы байланыстар жөніндегі сарапшылары үкіметтік емес ұйымдарды Министрлік конференция шеңберінде өтіп жатқан ДСҰ мүшелері арасындағы талқылаудағы ілгеріліктер туралы тұрақты түрде хабардар етеді.
Келесі қағидалар мен рәсімдер 2020 жылғы 8-11 маусымда Нұр-Сұлтан қаласында өтетін ДСҰ Министрлік конференциясының (МК-12) он екінші сессиясына үкіметтік емес ұйымдардың тіркелуі және қатысуы үшін қолданылады:
Тіркелу барысы
МК-12 қатысуға ниет білдірген үкіметтік емес ұйымдар төменде сипатталғандай екі кезеңді орындау қажет:
1-қадам – Ұйымыңыз үшін тіркелуді сұрату
Конференцияға қатысуға ниет білдірген үкіметтік емес ұйымдар тіркелудің онлайн-формасын толтыруы тиіс, ол өзгелермен қатар, ҮЕҰ-дың жұмысы ДСҰ мәселелерімен байланысты екенін көрсететін дәлелдемелерді (есептер, жарияланымдар және т.б.) қамтиды. Бұл дәлелдемелерді ДСҰ-ның ең болмағанда бір министрлік конференциясына қатысқан ҮЕҰ ұсынбайды. Дегенмен, кем дегенде бір министрлік конференцияға қатысқан ҮЕҰ аккредиттеуді алу үшін ресми түрде онлайн-тіркеуден өтуге тура келеді.
МК-12-де ҮЕҰ-ды аккредитациялау бойынша басты бетті мына мекен-жай бойынша табуға болады: https://www.wto.org/english/news_e/news20_e/ minis_20jan20_e.htm. ҮЕҰ электрондық тіркеу нысанын мына мекен-жай бойынша табуға болады https://eregistration.wto.org/mc12/ngo/register/en. ҮЕҰ-ды онлайн-тіркеуге арналған соңғы мерзім – 2020 жылдың 29 наурызы.
2-қадам – Ұйымыңыздағы жеке тұлғаларды тіркеу
ҮЕҰ-дың жекелеген өкілдерін тіркеуге арналған онлайн-форма тіркелуге өтінімдері мақұлданған ұйымдар үшін ғана қолжетімді болады. Бұл нысанда бір ұйымға ең көп төрт адам тіркелуі тиіс. Жеке тұлғалар 2020 жылдың 17 мамырынан кешіктірмей тіркелуі тиіс. Егер барлық талаптар орындалса, тіркеудің соңғы растамасы көп кешікпей жіберіледі.