
Қазіргі таңда мүмкіндігі шектеулі азаматтарды әлеуметтік қорғау, оларды қоғамға етене араластыру, жұмыспен қамтамасыз ету - ең басты міндеттердің бірі болып табылады.
Бүгінгі күні облыс бойынша жалпы мүгедектер саны 24401 адам, бұл облыстағы барлық халық санының 3,7%-ын құрайды. Соның ішінде еңбекке қабілетті мүгедектердің саны - 10687. Қазіргі таңда 3652 мүгедек әртүрлі салаларда қызмет етуде, соның ішінде 139 мүгедек қоғамдық бірлестіктерде қызмет атқарады.
Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмыспен қамтамасыз ету еңбекке қабілеттілігі және денсаулығына байланысты, медициналық-әлеуметтік сараптама қорытындысы негізінде, жеке оңалту бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылады.
2019 жылдың қорытындысы бойынша жұмыспен қамту органдары арқылы 999 мүмкіндігі шектеулі азамат жұмыспен қамтамасыз ету шараларына тартылды, соның ішінде 607 адам тұрақты және уақытша жұмыстарға жұмысқа орналастырылса, 235 адам әртүрлі оқуларға жолданып, 157 адамға несиелер мен гранттар берілді.
Жыл сайын жұмыспен қамту органдарына жолыққан мүгедектерге жұмыспен қамту шаралары көрсетілуде, алайда қазіргі таңда аталмыш санаттағы адамдарды жұмыспен қамту деңгейі төмен, басты себеп жұмыс берушілердің мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмыспен қамтамасыз етудегі қызығушылығының жоқтығы.
Облыстық Статистика Департаментінің мәліметі бойынша облыста қызметкерлер саны 100 адамға дейін - 10761 шағын кәсіпорын, қызметкерлер саны 250 адамға дейін - 210 орта кәсіпорын, қызметкерлер саны 250 адамнан жоғары - 85 ірі кәсіпорындар қызмет атқарады.
Жоғарыда аталған жұмыс берушілер Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына сәйкес, мүгедектерді жұмыспен қамту мақсатында 2 - 4% дейінге мөлшерінде жұмыс орындарын құруы қажет. Квота жұмыскерлердің санына байланысты 50 ден 100 адамға дейін –2%, 101 ден 250 адамға дейін –3%; 251 ден артық адам –4% мөлшерінде белгіленеді.
Жұмыс берушілер Заң алдындағы міндеттерін орындап, мүгедекті жұмысқа алар кезде туындайтын басты мәселе – өзіне қажетті маманды табу болып табылады.
Осы мәселені шешу мақсатында, облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, еңбекке қабілетті мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында «QOLDAU» порталы жасақталды.
Аталмыш порталда аудандар және қала кескінінде облыстың жұмысқа қабілетті мүмкіндігі шектеулі азаматтары туралы ақпараттар (жасы, білімі, кәсібі, мүгедектік тобы, мекен-жайы, байланыс телефоны және т.б) енгізілген.
Қазіргі кезде бұл порталға жұмыс берушілерге кіру тетігі (доступ) берілуде, яғни бос жұмыс орындары бар немесе квота бойынша жұмыс орындарын құрғысы келетін кез-келген жұмыс беруші өзіне қажетті мүмкіндігі шектеулі азаматты осы портал арқылы таңдап ала алады. Бұл ақпарат бір мезгілде жұмыспен қамту орталығына ескерте (уведомление) ретінде келіп, аталмыш орган мүгедектерді жұмысқа орналастыру бойынша шаралар қабылдайтын болады.
Жұмыс берушілер жоғарыда аталған шаралар бойынша жұмыс орындарын құру кезінде портал арқылы өзіне қажетті біліктілігі сәйкес келетін мүмкіндігі шектеулі азаматты таңдауына мол мүмкіндік береді.
Мемлекет басшысы атап өткендей, мүгедекке белсенді әлеуметтік өмірді жүргізуге мақсат беру, қоғамдық өмірге араласуға және өзін қоғамның толық емес мүшесі деп санауды қалыптастыру маңызды.
Осыған орай, мүгедектерді өмірдің барлық салаларына тартуға бағытталған көмек мемлекет тарапынан аса қажет. Өйткені, екі тарап — қызметкер мен жұмыс беруші үшін қолайлы жағдай жасалып, өзара тиімді ынтымақтастыққа мүдделі болған кезде ғана мүгедектігі бар адамдарды жұмыспен қамту мәселесі шешілетін болады.