Ағымдағы жылдың 24 тамыз күні облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы, облыстық мүгедектігі бар адамдар істері жөніндегі Кеңес төрағасының орынбасары А.Көшкінбаевтың төрағалығымен мүгедектігі бар адамдар істері жөніндегі облыстық Кеңес отырысы өткізілді. Кеңеске облыстық басқармалар, департамент өкілдері және үйлестіру кеңесінің мүшелері, мүгедектігі бар адамдардың әлеуметтік құқықтарын қорғау саласында қызмет атқарып жүрген қоғамдық бірлестіктер өкілдері қатысты.
Күн тәртібінде:
1. Мүгедектік профилактика және оның алдын алу мәселелерінің орындалуы туралы.
2. БҚО бойынша мүгедектігі бар адамдардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған шаралар туралы.
3. Мүгедектігі бар адамдарды мүгедектікті тағайындау мемлекеттік қызметін проактивті сырттай көрсетудің пилоттық жобасын іске асыру туралы қаралды.