
«Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Дариян арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының қызметкерлері мен қызмет алушылары арасында Дариян арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының ауыспалы кубогі үшін волейболдан Республикалық жарыс өтті.
Аталған жарысқа Батыс облысының 9 арнаулы орталықтарының командаларымен Ақтөбе және Атырау облыстарының командалары қатысты. Екі күн бойы жарысқа қатысушылардың арасында қызу тартыс ойындар өтіп, нәтижесінде Круглоозерное арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының командасы 1 орынды иеленді, Орал арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы 2 орынға ие болса, Дариян арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының командасы З орын алды. Жүлдегер командалар диплом, кубок, медаль және бағалы сыйлықтармен марапатталды.