Өз бетімен тұруды сүйемелдеу үйін ашылуы

Өз бетімен тұруды сүйемелдеу үйін ашылуы

Ағымдағы жылдың 15 маусымында Орал қаласында Өз бетімен тұруды сүйемелдеу үйі ашылды. Бұл ғимарат "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында салынды. Салтанатты ашылу рәсіміне БҚО әкімі Ғали Нәжімеденұлы Есқалиев және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Әлеуметтік нысан 20 адамға арналған. Өз бетімен тұруды сүйемелдеу үйі интернаттық мекемелердің негізгі және неғұрылым тиімді баламалы түрі болып табылады. Онда қоғамға әлеуметтендіру үшін жеңіл түріндегі ментальді бұзушылықтары бар адамдар тұратын болады.

Бұл жердің басты ерекшелігі орталық қызмет алушылардың әлеуметтік, тұрмыстық, еңбек дағдыларын дамыту, өз бетімен өмір сүруге дағдылау, қоршаған ортаға бейімдеу бағытында жұмыстар жүргізу, осы мақсатта орталықта барлық жағдайлар жасалынды.