
Тасқала арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына Тасқала ауданның "Сәулет мектеп-лицей" оқушылары келіп, "Қарттарым - асыл қазынам" тақырыбында концерттік бағдарлама өткізді.
Көңілді кеш ұйымдастырған оқушыларға қариялар атынан қызмет алушы У.Куспанова ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді.