1 000 000 теңгенің сертификатын табыс етті

1 000 000 теңгенің сертификатын табыс етті

Қайырымдылық айлығына орай 5 қазан күні Бөрлі арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қызметалушыларын құттықтауға Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары М.Н.Манкеев, Бөрлі ауданының әкімі М.М.Сатқанов, Бөрлі аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдармалар бөлімінің басшысы О.М.Басимова келіп, «КАТЭК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры К.Нуповтың атынан 1.000,000 теңгенің сертификатын табыс етті. Сонымен қатар, «Сұңқар-Ақсай» қоғамдықбірлестігі, Бөрлі аудандық жастар ресурстық орталығы, Ақсай қаласының еріктілер ұйымы келіп мерекелік дастархан жайып, бағалы сыйлықтарын ұсынды.