«Қайырымдылық – жылы жүректен» мерекелік концерт

«Қайырымдылық – жылы жүректен» мерекелік концерт

Ақжайық арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында 1 қазан – халықаралық қариялар күніне және қайырымдылық айлығына байланысты «Қайырымдылық – жылы жүректен» атты мерекелік концерт өтті.

Қайырымдылық айлығы аясында арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілді көлемімен қамтамасыз етіліп отырған бөгде адамның көмегіне мұқтаж мүмкіндігі шектеулі қызмет алушыларымызға көңіл бөліп Ақжайық ауданының Чапаев ауылдық округінің әкімі Нәбиденов Нұртаза Нұрхатұлы, Ақжайық ауданының ардагерлер кеңесінің төрағасы Жігербай Қажғалиев, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жалғызбасты қариялармен мүгедек балаларға үйден әлеуметтік қызмет көрсету аралас бөлімшесінің меңгерушісі Макатова Асемгуль Макатқызы және кеңесшісі Жазыкбаева Айдана Канатқызы құттықтап келді. Келген қонақтарға қызмет алушыларымыз әсем ән салып, би билеп өз өнерлерін көрсетіп, мерекенің шырайын қыздырды.

Шара соңында мекеме директоры Сапарғалиев Асылбек Төлегенұлы достық пейілдерін танытуға келген қонақтарға жылы лебізін айтып, орталық қызметкерлеріне өз ризашылығын білдірді.