
Басқарма басшысы А.Құлқаевтың 2021 жылғы 19 шілдедегі №66-шт бұйрығымен Садбеков Кемел Ермекұлы ауысу тәртібімен Көшім арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының директоры лауазымынан босатылып, «Шапағат» арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының директоры лауазымына тағайындалды.
Кемел Ермекұлы, 1968 жылы 4 наурызда Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданының Бостандық ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, 1992 жылы Батыс Қазақстан ауыл шаруашылық институтын бітірген, мамандығы экономист-ұйымдастырушы.
Еңбек жолын 1985-1998 жылдары аралығында Бостандық совхозында жұмысшы болып бастап, директор орынбасары, кәсіподақ комитетінің төрағасы болған. 1999-2009 жылдары Казталов ауданы әкімдігінің әлеуметтік, ұйымдастыру-кадрлық салаларында бас маман, бас инспекторы, бөлім басшысы, аудан әкімінің орынбасары лауазымдарында мемлекеттік қызметте болған. 2009-2012 жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының бас инспекторы, 2012-2015 жылдары Батыс Қазақстан облысы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы лауазымында болды. 2015 жылдан бастап осы күнге дейін (19.07.2021ж.) Көшім арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының диреткоры лауазымында болды.