Директор Центра оказания специальных социальных услуг "Шапағат" Мусина Насип Минахаевна вышла на заслуженный отдых.

Директор Центра оказания специальных социальных услуг "Шапағат" Мусина Насип Минахаевна вышла на заслуженный отдых.

   Батыс Қазақстан облысы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Шапағат» арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының директоры Мусина Нәсіп Минахайқызы зейнет жасына толуына байланысты 2021 жылғы 16 шілдеде салтанатты түрде құрметті еңбек демалысына шығарылды. Басқарма басшысы Құлқаев Алтай Есмағұлұлы Нәсіп Минахайқызын құттықтап, алғыс білдірді.

   Нәсіп Минахайқызы, 1960 жылы Батыс Қазақстан облысының Казталов ауданы, Казталовка ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, 1983 жылы Ақтөбе мемлекттік медициналық институтын тәмамдаған, мамандығы дәрігер-педиатр.                   

   Еңбек жолын 1983-1994 жылдары №2 балалар емханасында учаскелік педиатр болып бастап, бөлім меңгерушісі, 1995-2002 жылдары облыстық диагностика орталығында консультант-педиатр маманы болды. 2002-2007 жылдары аралығында Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасының емдеу профилактикалық ұйымдар қызметін үйлестіру және лицензиялау бөлімінің бас маман-педиатры қызметын жасады. 2007-2008 жылдары «Облыстық балалар ауруханасында» директордың емдеу ісі жөніндегі орынбасары болып, 2009-2014 жылдары «Қалалық психологтік-дәрігерлік-педагогикалық консультациясында» дәрігер-педиатр лауазымында болды.

   Нәсіп Минахайқызы, қиындығы мен қызығы мол, халықты әлеуметтік қорғау саласының білікті де білгір маманы ретінде танылды. 2014 жылдан бері «Шапағат» арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы директоры лауазымын абыроймен атқарып келді. Жұмыс барысында өз ісін жетік білетін, іс-тәжірибесі мол, парасатты басшы екенін көрсетті. Ол, үнемі ізденістің арқасында өз білімі мен біліктілігін жетілдіріп отыратын, сондай-ақ, өз тәжірибесімен үнемі бөлісіп отыратын жоғары санатты дәрігер. Шапағат орталығының дамуына, балаларға сапалы қызмет көрсетуге өз үлесін қосты. Орталыққа білікті мамандар тартып, олардың талмай еңбек етуіне қолайлы жағдай жасады.