Ұлы жеңістің 76 жылдығына ардагерлермен мүгедектерге 1 милионнан беріледі

Ұлы жеңістің 76 жылдығына ардагерлермен мүгедектерге 1 милионнан беріледі

 

 

Ұлы Жеңістің 76 жылдығының қарсаңында

 

Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне республикалық бюджеттен төленетін арнаулы мемлекеттік жәрдемақыдан басқа, жергілікті өкілетті органдардың шешімдеріне сәйкес, жергілікті бюджет есебінің мүмкіндігіне қарай қосымша әлеуметтік көмектер қарастырылған: бұл мерекелік күндерге төленетін біржолғы әлеуметтік көмек және коммуналдық шығындарды өтеу үшін төленетін ай сайынғы әлеуметтік көмек.

Аудандық/ қалалық мәслихаттардың шешімдерімен бекітілген «әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларына» сәйкес ҰОС соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және жеңілдіктер бойынша ҰОС қатысушыларына теңестірілген адамдарға (Ленинградта қоршауда болған, концлагерьлерде тұтқында болған адамдарға) коммуналдық қызметтерді төлеу үшін ай сайыңғы әлеуметтік көмек 5 АЕК (14 585 теңге) мөлшерінде көрсетілуде.

Аталған ережелерге сәйкес Жеңіс күні – мерекелік күніне (9 мамыр) орай 5 394 адамға 211,1 млн.теңгеге біржолғы әлеуметтік көмек көрсету қарастырылған.

Біржолғы әлеуметтік көмектің мөлшері және 9 мамырға төлемдер алушылар санаттары келесідей:

  • ҰОС–ның қатысушылары мен мүгедектері (39 адам) –1,0 млн. тенге;
  • Ленинград қоршауының тұрғындары (3 адам) – 120,0 мың тенге;
  • фашисттік лагерь тұтқындары (7 адам) –120,0 мың тенге;
  • Кеңес Армиясының ерікті жалдамалы құрамының адамдары (3 адам) – 120,0 мың тенге;
  • қайтыс болған ҰОС-ның қатысушылары мен мүгедектерінің және соларға теңестірілгендердің әйелдері (281 адам) - 30,0 мың тенге;
  • ҰОС жылдары тылда еңбек еткен (марапатталған және марапатталмаған) адамдар (4454 адам) – 30,0 мың теңге;
  • ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттерде әскери қызметiн өткеру кезiнде мүгедек болған Кеңес Армиясының әскери қызметшiлері (53  адам) – 100,0 мың теңге

келесі алушылар санатына да біржолғы әлеуметтік көмек 9 мамырға көрсетіледі:

  • басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан Кеңес Армиясының әскери қызметшiлерi (2 адам) – 100,0 мың теңге;
  • бейбiт уақытта қаза тапқан әскери қызметшiлердiң отбасылары (214 адам) – 60,0 тыс.теңге;
  • Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде, Таулы Қарабах және Иракта ұрыс қимылдарға қатысқан әскери қызметшілер (338 адам) – 30,0 мың теңге.

Ағымдағы жылдың 28 сәуіріндегі жағдай бойынша төлемдер 2 537 адамға 120,9 млн.теңгеге жүргізілді.

Төлемдерді а.ж. 6 мамырына дейін аяқтау жоспарлануда.