
Батыс Қазақстан облысында 5,0 мың атаулы әлеуметтік көмек алушысына Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы кепілдік берілген әлеуметтік топтама шеңберінде азық-түлік және тұрмыстық жиынтықтар «пилотты режимде» жеткізілді. Қазіргі уақытта облыста 1 мен 6 жас аралығында 5 мың бала өмір сүреді.
Атап өтерлігі, ағымдағы жылғы 1 қазаннан бастап aleumet.egov.kz арқылы «пилоттық» режимде азық-түлік жиынтықтарын ұсыну басталды.
«Мен атаулы әлеуметтік көмекті алушымын, мен интернет арқылы әлеуметтік топтама алуды рәсімдедім, бұл өте ыңғайлы. Мұндай жиынтықтар өте пайдалы, онда балаға пайдалы өнімдер бар, оларды сатып алу әрдайым мүмкін бола бермейді», – деді Казталов ауданының тұрғыны, әлеуметтік топтаманы алушы 5 баланың анасы Жансұлу Мақсотова.
Әлеуметтік қорғау органдарының қызметкерлері қызмет алушылармен ғана емес, жеткізушілермен де жұмыс жүргізеді. Портал арқылы өз тауарлары мен қызметтерін ұсынғысы келетін компаниялар өздерінің сенімділігін растауға және тапсырыстарды мерзімінде орындауға тиіс.
«Әлеуметтік топтама бойынша жиынтықтарды қалыптастыру үшін барлық өнім сапасын тексеру бірнеше кезеңінен тұрады: шығару және буып-түю кезіндегі бақылау, тарату орталығында тауарларды қабылдау кезінде сапа және жарамдылық мерзімдері бойынша тексерістер қатаң жүргізіледі», – деп нақтылады жеткізуші жеке кәсіпкер А.Кенжегалиева.
Порталды қолдану жайлы қала тұрғындарын ақпараттандыру шарасын халықты әлеуметтік қорғау мекемелерінін мамандары жалпыреспубликалық жемқорлыққа қарсы «Адалдық алаңы» жобасы алаңында өткізеді. Олар белсенді түрде тұрғындармен және болашақ тауар жеткізушілермен ақпараттық - түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Әлеуметтік қызметтер Порталы арқылы мүгедектігі бар адамдар тауар немесе қызметтерді таңдау барысында жемқорлық әрекеттер түгел жойылады. Ол электронды форматта қызмет алушыға тауарды немесе қызметті өзі таңдауға және онлайн түрде тауар мен қызметті бақылауға мүмкіндік береді. Бұл қызмет алушымен қатар тауар жеткізушіге қолжетімді.