Ұлы Жеңістің 76 жылдығының қарсаңында
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне республикалық бюджеттен төленетін арнаулы мемлекеттік жәрдемақыдан басқа, жергілікті өкілетті органдардың шешімдеріне сәйкес, жергілікті бюджет есебінің мүмкіндігіне қарай қосымша әлеуметтік көмектер қарастырылған: бұл мерекелік күндерге төленетін біржолғы әлеуметтік көмек және коммуналдық шығындарды өтеу үшін төленетін ай сайынғы әлеуметтік көмек.
Аудандық/ қалалық мәслихаттардың шешімдерімен бекітілген «әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларына» сәйкес ҰОС соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және жеңілдіктер бойынша ҰОС қатысушыларына теңестірілген адамдарға (Ленинградта қоршауда болған, концлагерьлерде тұтқында болған адамдарға) коммуналдық қызметтерді төлеу үшін ай сайыңғы әлеуметтік көмек 5 АЕК (14 585 теңге) мөлшерінде көрсетілуде.
Аталған ережелерге сәйкес Жеңіс күні – мерекелік күніне (9 мамыр) орай 5 394 адамға 211,1 млн.теңгеге біржолғы әлеуметтік көмек көрсету қарастырылған.
Біржолғы әлеуметтік көмектің мөлшері және 9 мамырға төлемдер алушылар санаттары келесідей:
келесі алушылар санатына да біржолғы әлеуметтік көмек 9 мамырға көрсетіледі:
Ағымдағы жылдың 28 сәуіріндегі жағдай бойынша төлемдер 2 537 адамға 120,9 млн.теңгеге жүргізілді.
Төлемдерді а.ж. 6 мамырына дейін аяқтау жоспарлануда.