Меню

Страницы

Статья

Халықты әлеуметтік қамсыздандыру және қорғау

Әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша:

Тұрмысы жағынан аз қамтылған азаматтарға (отбасыларға) үкімет тарапынан басты әлеуметтік төлем түрлері қарастырылған: (АӘК) атаулы әлеуметтік көмек және (ТҮ) тұрғын үй көмегі.

Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 17 шілдесіндегі «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңына сәйкес, кедейшілік шегінен төмен тұратын отбасыларға (АӘК) атаулы әлеуметтік көмек төленеді.

2019 жылдың 1 желтоқсанына АӘК алушылар саны 12206 отбасы, оның ішінде 59436 адамды құрап, 5,6 млрд.теңге төленген.

Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшері жергілікті уәкілетті органдардың шешімімен анықталып, халықтың әлжуаз топтарына тұрғын үй көмегі төлененуде. Облыс бойынша тұрғын үй көмегі 2019 жылдың 1 желтоқсанына 2830 отбасыға 72,6 млн. теңге көлемінде көрсетілді.

Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне республикалық бюджеттен  төленетін арнаулы мемлекеттік жәрдемақыдан басқа, жергілікті өкілетті органдардың шешімдеріне сәйкес, жергілікті бюджет есебінің мүмкіндігіне қарай қосымша әлеуметтік көмектер қарастырылған: атаулы және мерекелік күндерге төленетін біржолғы әлеуметтік көмек және коммуналдық шығындарды өтеу үшін төленетін ай сайынғы әлеуметтік көмек.

Жергілікті бюджеттен (ЖБ) санаттар бойынша төленетін біржолғы әлеуметтік көмектің мөлшері:

- ҰОС –ның қатысушылары мен мүгедектері –ЖБ-тен 300,0 мың тенге;

- Ленинград қоршауының тұрғындары – ЖБ-тен 60,0 мың тенге (Орал қаласында-120,0 мың теңге);

- фашисттік лагерь тұтқындары – ЖБ-тен 20,0-60,0 мың тенге (Орал қаласында- 120,0 мың теңге);

- міндеттер атқарған қызметкерлері – ЖБ-тен 120,0 мың теңге;

- ҰОС қаза болған жауынгерлердің қайта тұрмыс құрмаған жесірлері –ЖБ-тен  15,0-20,0 мың теңге;

- қайтыс болған соғыс мүгедектерінің - ЖБ-тен 15,0 мың теңге;

- 1941 жылғы 22 масым 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) адамдар – Жб-тен 10,0 мың теңге (марапатталған тыл еңбеккерлеріне -15,0 мың теңге).

Сонымен қатар, облысымызда Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және Ленинградта қоршауда болғандарды, концлагерде тұтқында болған адамдарға ай сайынғы коммуналдық қызметтерді төлеу үшін берілетін айсайынғы әлеуметтік көмектің көлемі 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, ал Ұлы отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген азаматтарға 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.

Ұлы Жеңістің 72 жылдығын мерекелеуге орай аудандар мен Орал қаласының әкімдіктерімен біржолғы әлеуметтік төлемдердің мөлшерлері қайта қаралуда.

Мүгедектерді әлеуметтік қорғау бойынша.

Мүгедектердi әлеуметтiк қорғауды қамтамасыз ету «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» Заңының негізінде жүзеге асырылуда.

Оңалтудың  жеке бағдарламасына сәйкес 2019 жылы техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен және арнаулы жүріп-тұру құралдарымен 7801 адамды қамтамасыз ету жоспарлануда. Бүгінгі күні 7505 мүмкіндігі шектеулі адам қамтамасыз етілді немесе 96,2 %.

Мүгедектерді медициналық оңалту бойынша 586 тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектерді протездік-ортопедиялық құралдармен қамтамасыз етілді. 970 мүгедек санаторий-курорттық оңалтудан өтті. Сонымен қатар, 291 тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектерді кресло-арбалармен,  1264 есіту және көру қабілеттері нашар мүгедектерге  сурдо және тифлотехникалық құралдармен, сондай-ақ 2794 мүгедек міндетті гигиеналық құралдарменқамтамасыз етілді,  221 адамға ымдау тілі маманы мен 1379 адамға жеке көмекші қызметі көрсетілді.

Облыс бойынша әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілерінің саны 1737 бірлікті құрайды, оның 1737-не паспорттау жүргізілді. Паспортталған объектілердің ішінен 1133 объекті бейімдеуді қажет етеді, соның ішінде 1114 объекті бейімделді. Барлық паспортталған әлеуметтік және транспорттық инфрақұрылым нысандарынан бейімделген нысандарының үлесі 98,9 (%) пайызды құрап отыр (2019ж-жоспар 95%).

Бүгінгі күнге мүмкіндіктері шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру мақсатында Жол картасы бекітілді. 2019 жылы жоспарланған 101 әлеуметтік және көлік инфрақұрылым объектінің 80 бейімдеу жұмыстары жүргізілді.

Облыс бойынша мүгедектерге қызмет көрсетуге бейімделген мекемелер орналасқан жерлерге 693 жол белгілері және жол сілтегіштері орнатылды. Жаяу жүргіншілер өтетін жолдарға 70 дыбысты қондырғы орнатылды.

Қазіргі таңда Орал қаласының автобус маршруттарында жеңіл арбалармен жүретін мүгедектердің мініп-түсуіне бейімделген едендері аласа 60 автобустар қызмет көрсетуде.

Әлеуметтік тапсырыс шеңберінде Мүгедектерге бейімделген көлік құралдарын пайдалана отырып тасымалдау бағытында Орал қаласында және Ақжайық, Бөрлі Жаңақала, Теректі, Шынғырлау аудандарында 2019 жылы «Инватакси» қызметіне барлығы 104,5 млн. теңге бөлініп, 39 автокөлік 5 бағыт бойынша 2019 жылдың 1 желтоқсанына қоғамдық көліктердегі мүгедектердің жағдайын ескере отыра, мүгедектердің қажетті жерлеріне әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 4225 адамға «Инватакси» қызметі көрсетілді.

Телебағдарламаларды сурдоаудармамен сүйемелдеу жұмыстары «Ақжайық» телеарнасында жоспарлы түрде күніне 2 рет екі тілде жүргізілуде.

Дата публикации
11 декабря 2019
Дата обновления
12 мая 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
17 января 2023
Халықтың көші-қоны
Ақпарат
17 января 2023
Әлеуметтік әріптестік

Социальные медиа

Instagram
Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы