Жұмысқа орналастыру
2019 жылдың 1 желтоқсанына облыс бойынша жұмысқа орналасу делдалдығымен жолыққан адамдардың саны 29084 адамды құрайды. Жұмыспен қамту органдарында ресми түрде жұмыссыз ретінде тіркелген адамның саны 6692, тіркелген жұмыссыздық деңгейі 2,0%-ы құрайды.
Есепті кезеңге жылы 11773 жаңа жұмыс орындары ашылды, соның ішінде 6977-і тұрақты жұмыс орындары. Жыл басынан бері жұмысқа орналасқаны 19002 адам.
Ақылы қоғамдық жұмыстарға жіберілген жұмыссыз азаматтардың саны 4911адам.
Әлеуметтік жұмыс орындарына 977 адам тартылды, олардың 691-і «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы арқылы.
Жастар практикасына 1691 түлек жіберілді, олардың 1360 адамы «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы арқылы.
Кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыруға 1944 адам жіберілді, барлығы «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында.
Бос жұмыс орындарына 11423 адам жұмысқа орналастырылды.