Жұмыспен қамту
2020 жылы Батыс Қазақстан облысы бойынша Кешенді іс шаралар жоспары шеңберінде 30217 адамды жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамту жоспарланған. Ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына 28786 адам жұмыспен қамту шараларымен қамтылды. Соның ішінен 23390 адам жұмысқа орналастырылды, тұрақты жұмыспен 12658 адам қамтылды.
2020 жылға Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасын іске асыру үшін 9225,2 млн.теңге қарастырылды.
Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде 1100 адамды кәсіптік оқытуға 1138,4 млн.теңге бөлінді. Оның ішінде:
- кәсіптік техникалық оқытуға 800 адамға 1,0 млрд.теңге;
- қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 300 адамға 82,2 млн.теңге. Ағымдағы жылдың желтоқсанына 337 адам оқуға жіберілді. Оның 267-і оқуын аяқтап, 184-сі тұрақты жұмыспен қамтылды.
Бағдарламаның екінші бағыты шеңберінде 4620,8 млн.теңге бөлінді.Оның ішінде:
- 1043 адамға 4380,0 млн.теңге шағын несие беру жоспарланған;
- қалаларда және ауылды аймақтарда шағын несиені кепілдендіруге – 208,8 млн.теңге;
- операциялық шығындарды субсидиялауға – 32,0 млн.теңге бөлінді.
Ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына 1113 адамға 4380,0 млн.теңге көлемінде шағын несие берілді. Оның ішінде қалада 59 адамға 500,0 млн.теңге, ауылда 1054 адамға 3879,9 млн. теңге берілді.
"Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне 1219 адам оқытуға жіберілді.
Жаңа бизнес идеяларды дамытуға 1746 адамға 1103,8 млн.теңгеге мемлекеттік грант қарастырылды. Ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына жаңа бизнес идеяларды іске асыру үшін 1965 адамға 937,7 млн. теңгеге грант берілді.
Бағдарламаның үшінші бағыты шеңберінде 2259,1 млн. теңге бөлінді. Оның ішінде:
- әлеуметтік жұмыс орындарына – 141,6 млн.теңгеге 585 адамға;
- жастар практикасына 755,6 млн.теңгеге 1686 адамға;
- қоғамдық жұмысқа 1361,8 млн. теңгеге 7715 адамға.
2020 жылдың 1 желтоқсанына әлеуметтік жұмыс орындарына 805 адам, жастар практикасына 1835 түлек, қоғамдық жұмыс орындарына 8089 жұмыссыз азамат жолданды.
«Бейресми жұмыспен қамтылған халықты заңдастыру және ел экономикасына және тиісінше міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне тарту жөніндегі 2018-2019 жылдарға арналған Жол картасы» аясында келесідей жұмыстар жүргізілді:
Жыл басынан 90 569 тұлғаның мәртебелерін өзектендіру қажет болса, атқарылған жұмыстын нәтижесінде 2020 жылдың 9 қарашасына мәртебелері өзектенгені 86 342 тұлға немесе 95,3%.
Мәртебелері өзектенбеген тұлғалар саны 4227 азаматты құрайды.
Бүгінгі күнге жыл басынан МЗЖ жоқ өзектенбеген 30 632 тұлғаның 30 607 (99,9%) өзектендірілді.
2018 жылдың басынан өзектенбеген нәтижесіз өзін-өзі жұмыспен қамтыған 34 842 адамның 34 309 (98,5%) өзектендірілді.
2018 жылдың басынан өзектенбеген тіркелмеген жұмыссыз 19 076 адамның 18 908 (99,2%) өзектендірілді.
2018 жылдың 1 қаңтарына 1523 студент деп анықталған азаматтардың 1428 немесе 93,8% өзектендірілді, 95 өзектендірілмеген есебінде қалып отыр.
Өзектендірілмеген қоныс аударғандардың саны 1857 (оның ішінде 1758 адам еңбек мигранттары) құрайды.
2020 жылдың 9 қарашасына бағдарламаға тартуды қажет ететіндер 9 047 азаматтың Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасына 8 879 (98,2%) тұлға тартылды.
Бірыңғай жиынтық төлем жөнінде ақпарат. Бірыңғай жиынтық төлемнің енгізілуіне байланысты 2018 жылдың желтоқсан айында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын және жұмыспен қамтуды формализациялауды жүргізу үшін облыс әкімінің орынбасары мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Вице-министрінің арасында облыстық іс-шаралар Жол картасы бекітілді. Жол картасында көрсетілген тармақтарды орындау және халық арасында ақпараттық насихат жүргізу үшін басқарма тарапынан барлық аудан әкімдіктері мен облыстық кірістер органдарына және ішкі саясат басқармасына материалдар жолданды.
Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының аясында бүгінгі күнге Бірыңғай жиынтық төлем жөнінде Хабар-24, Ақжайық, ТДК-42, Карашығанақ телеарналарына 32 сұхбат және бейнесюжеттер берілді. БЖТ енгізілуі жөнінде халық арасында жаппай ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу, нысаналы топтармен барлығы - 858 кездесулер ұйымдастырылып, 38 112 үнпарақтар таратылды. Баспасөз құралдарында 68 басылымдар мен мақалалар жарияланып, радио арқылы 27 хабарландыру жіберілді, 1310 сыртқы жарнама, билбордтар, хабарландырулар аялдамаларда ілінді, 203 жүгіртпе жолдар іске қосылып, интернетте және әлеуметтік желілерде 3148 насихаттау публикациялары жарияланды, SMS және Whatsapp арқылы 36 248 таратылымдар таратылды. Сонымен қатар, халық көп шоғырланатын орындарда аталған тақырып бойынша 29 баннер орналастырылды.
Бірыңғай жиынтық төлемді мәртебелері өзектенбеген жеке тұлғалар яғни өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, жеке қосалқы шаруашылықпен айналысатындар, мәртебелері белгісіздер қатарынан 2020 жылдың 9 қарашысана облыс бойынша барлығы 7343 (81,6%) азаматқа БЖТ жүргізілді (жоспар 9000 адам).
"komek07.kz көмек көрсету порталы бойынша ақпарат
Облыста мұқтаж азаматтармен көмек көрсететін адамдардың өзара қарым қатынасын байланыстыру және қайырымдылық көмектің айқындылығы мен есебін қамтамасыз ету мақсатында көмекке мұқтаж адамдарға "komek07.kz көмек көрсету порталы жұмыс істейді.
"komek07.kz" порталмен танысу шеңберінде теледидарда, БАҚ-та және әлеуметтік желілерде трансляциялау үшін бейнеролик дайындалды.
Бүгінгі күні порталға мұқтаж азаматтардан 984 өтініш келіп түсті, 632 өтініш модерацияланды. Көмек көрсеткісі келетін 103 адам тіркелді. Барлығы сұраулар бойынша 29 жауап алынды. 29 өтініш бойынша көмек көрсетілді (оның 16-і бойынша ақшалай көрсетілді, көрсетілген көмектің жалпы мөлшері 962 500 теңгені құрады, 5 өтініш бойынша көмек азық-түлік өнімдерімен (азық-түлік жиынтығы), 8 өтініш бойынша басқалай көмек).
2020 жылдың 7 шілдесінен бастап жұмыс режимінде есту және сөйлеу қабілеті бұзылған азаматтарға сурдоаудармаға қызмет көрсетуге Батыс қазақстан облысының мекемелерінде "Сурдо онлайн" қызметі іске қосылды. Бағдарлама есту қабілеті бұзылған адам, ымдау тілі операторы мен клиент жүгінген мекеменің қызметкері арасындағы бейне байланыс конференцияны құрайды.
Бүгінгі күніне "Сурдо-Онлайн" қызметін 560 адам пайдаланды, барлық келіп түскен өтініштер бейнеқоңыраулар бойынша болды.
Есту қабілеті бұзылған адамдардан түрлі сипаттағы қоңыраулар келіп түсіп, өңделді. Соның ішінде дәріханаларға жүгіну, медициналық оңалту, Облыстың ХҚКО-нан тегін Мемлекеттік қызметтерді алу, "Атамекен" кәсіпкерлер палатасы, "Даму" Қоры арқылы әлеуметтік гранттар алу, дәрігерді үйге шақыру, мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасын әзірлеу және басқа да мәселелер бойынша сұрақтар. Бұл бағыттағы жұмыстар бақылауда алынып, жұмыстар жалғасуда.
Әлеуметтік көмек
Облыс бойынша 2020 жылдың 1 қарашасына әлеуметтік-осал санатындағы 30 мыңнан астам отбасыға жергілікті бюджеттен 2 824,5 млн.теңгеге әлеуметтік қолдау көрсетілді.
Төтенше жағдай кезінде (наурыз-мамыр, шілде-тамыз айлары) облыста санаттар (атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарындағы алты жастан он сегіз жасқа дейінгі балалар, он алты жасқа дейінгі мүгедек балалар, барлық жастағы бірінші, екінші және үшінші топтағы мүгедектер, мүгедек бала тәрбиелеп отырған адамдар, халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органда тiркелген жұмыссыздар) бойынша көмекті алушы 41 982 адамға, жалпы сомасы 945,9 млн. теңгеге төлемдер жасалды.
Мүгедектерді оңалту
Батыс Қазақстан облысы бойынша жалпы мүгедектер саны 24133 адам, бұл облыстағы барлық халық санының 3,7%-ын құрайды, оның 2654 бала-мүгедек.
2020 жылы мүгедектерді оңалтуға 1909,0 млн. теңге бөлінді 2019 жылмен салыстырғанда 74,8 % артық.
2020 жылы жәке оңалту бағдарламалар сәйкес мүгедектерге берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдарымен, санаторий-курорттық емделумен және әлеуметтік қызметтерімен 9127 мүгедекті қамту жоспарлануда,ьүгінге күні 6827 мүгедектер қамтамасыз етілді, немесе 74,8%, оның ішінде:
- санаторлық-курорттық емделумен 851;
- арнайы техникалық қозғалу құралдарымен – 408 адамды;
- протездік-ортопедиялық көмекпен 1004 адам;
–тифлоқұралдар 1421 адамға;
- сурдоқұралдармен 521 адам;
- гигиеналық құралдармен 4548 адам қарастырылды, бүгінге күні 3215 құралмен қамтылды,
-жеке көмекшілердің қызметтеріне 1585 адамға бөлінді,
-ымдау тілі мамандарының қызметтеріне 226 тұлғаға;
- ағымдағы жылы кохлеарлық импланттары бар 11 адамға сөйлеу процессорлары ауыстырылады.
Әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілерінің қолжетімділігі облыс бойынша бекітілген аймақтық бейімдеу картасы аясында «Интерактивтік қолжетімді карта» порталына 1737 паспортталған нысан енгізілді.
Паспортталған объектілердің ішінен 1133 объекті бейімдеуді қажет етеді, соның ішінде 112451 объекті бейімделді. Барлық паспортталған әлеуметтік және транспорттық инфрақұрылым нысандарынан бейімделген нысандарының үлесі 99,6 (%) пайызды құрап отыр.
Мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында, «Инватакси» қызметін көрсету үшін 39 арнаулы автокөлік қызмет көрсетеді. 2020 жылы «Инватакси» қызметін жүргізу үшін бюджеттен 121484,3 мың.теңге қаржы бөлінді, ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына «Инватакси» қызметімен аудан, қала бойынша 21724 тапсырыс түсіп, 510 адам қамтылды.
Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету.
Арнаулы әлеуметтік қызметтер облыс бойынша стационарлық үлгідегі 12 (оның ішінде 9 мекеме шағын сыйымдылықты), жартылай стационарлық үлгідегі 1 мекеме, 2 бөлімше, үйден әлеуметтік қызмет көрсететін 30 бөлімше, белгілі тұрағы жоқ тұлғаларға арналған 1 мекеме, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған 1 мекеме, үйде әлеуметтік қызмет көрсету және жартылай стационарлық жағдайда 6 үкіметтік емес ұйымдар арқылы көрсетілді. Жалпы 2020 жылдың 1 қарашасына 5541 адам арнаулы әлеуметтік қызметпен қамтылды. Арнаулы әлеуметтік қызметке мұқтаж адамдар тізімінде 21 адам кезекте тұр (2019 жылдың 1 қарашасына 24 адам).
Анықтама: 2020 жылғы 1 қарашаға стационарлық үлгіде 1372 адам арнаулы әлеуметтік қызметпен қамтылды, оның ішінде 879 адам 18 жастан асқан психоневрологиялық ауруы бар мүгедектер, 59 он сегіз жасқа дейінгі психоневрологиялық ауруы бар балалар, 434 қарттар мен 1,2 топ мүгедектері.
Жартылай стационарлық үлгіде 121 адам қамтылды, соның ішінде «Шапағат» арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы арқылы 48 психоневрологиялық ауытқуы бар бала, Орал арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы жанындағы бөлімше арқылы 18 жастан асқан психоневрологиялық ауытқуы бар 22 мүгедек, «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің зейнеткерлер мен мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығы» жанындағы жартылай стационарлық үлгідегі бөлімше арқылы 51 психоневрологиялық ауытқуы бар бала қамтылды.
Үйде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшелері арқылы 3232 адам, соның ішінде 228 психоневрологиялык ауытқуы бар балалар, 315 – 18 жастан асқан психоневрологиялық ауруы бар адамдар, 2689 бөгде адамның көмегіне мұқтаж қарттармен 1,2 топ мүгедектері арнаулы әлеуметтік қызметпен қамтылды.
Әлеуметтік бейімдеу қызметі арқылы 533 адам, соның ішінде «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарды қайта әлеуметтендіруге арналған орталық» арқылы белгілі тұрағы жоқ 119 адам, орталық жанындағы тәуліктің түнгі уақытында болу бөлімшесі арқылы 178 адам, ұтқыр әлеуметтік патруль арқылы 236 адам қамтылды.
Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған Дағдарыс орталығы арқылы арнаулы әлеуметік көмекпен 65 адам қамтылды.
Үкіметтік емес ұйымдар арқылы 218 тұлға арнаулы әлеуметтік қызметпен қамтылды, оның ішінде психоневрологиялық ауруы бар балалар155, 18 жастан асқан психоневрологиялықауруы бар мүгедектер 29, тұрмыстық зорлық зомбылық құрбандары- 34.
Аумақты дамыту жоспары бойынша арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсете отырып қамтылған адамдардың үлес салмағы (оларды алуға мұқтаж адамдардың жалпы санының ішінде) орындалуы 99,62% құрады (2019 жылдың 1 қыркүйегіне 99,59 % құрады).
Сонымен қатар, республикалық бюджет арқылы «Мүгедектігі бар адамдарға арналған 150 орындық әлеуметтік оңалту орталығы» құрылысын бастау 2021 жылға жоспарлануда (құны 3,9 млрд.теңге). Қазіргі таңда Батыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасымен нысан құрылысына «Ақжайық» шағын ауданынан нақты жайғастыру жобасымен 5,8 га жер учаскесі қарастырылды.
Шетелдік жұмыс күшін тарту бойынша
Шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттарды беру экономикалық қызмет түрі бойынша облысқа бөлінген квота шегінде жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 722 бұйрығымен Батыс Қазақстан облысы бойынша 2020 жылға бөлінген квота мөлшері – 1140 бірлікті, оның ішінде І санат бойынша - 39, ІІ санат бойынша - 533, ІІІ санат бойынша - 493, ІV санат бойынша - 15 және маусымдық жұмыстарға – 360 бірлікті құрайды.
2020 жылдың 1 желтоқсанына берілген рұқсаттардың саны - 705, ұзартылғаны- 339, қайта рәсімделгені-121. Оның ішінде: І санат бойынша - 17, ІІ санат бойынша – 363, ІІІ санат бойынша - 322, ІV санат бойынша – 17, маусымдық жұмыстарға-446 бірлік.
Облыс бойынша шетелдік жұмыс күшін тартушы 83 мекеме мен кәсіпорында 713 шетелдік азаматтардың қолданыстағы рұқсаттары бар.Оның ішінде: I санат – 25 адам(3,5%), II санат –351 (49,2%), III санат –322 (45,1%), IV санат – 15 (2,1%) бірлік.
Берілген рұқсаттар үшін төленген салық алымы 360 млн. теңгені құрады.
«Оралман мәртебесін беру немесе ұзарту» мемлекеттік қызметтің көрсетілуі бойынша 2020 жылдың үшінші тоқсанына
«Оралман мертебесін беру немесе ұзарту» мемлекеттік қызметі 2011 жылдың 22 шілдесіндегі Қазақстан Республикасының «Халықтың көші-қоны туралы» Заңының және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 153 бұйрығының талаптарымен орындалады.
Облыс аумағына 1991 жылдан 2019 жылдар аралығында 4033 отбасында 17816 этникалық қазақтар көшіп келіп қоныстанды.
Ал, 2020 жылдың бірінші тоқсанына 25 этникалық қазақтарға (17 отбасына) оралман мәртебесі беріліп, оның 100 пайызы Батыс Қазақстан облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының филиалы арқылы жүзеге асырылды. Оныңішінде:
- Өзбекстаннан 5 отбасы, 7адам;
- Түркменстаннан 1 отбасы, 1 адам;
- Ресейден 10 отбасы,15 адам;
- Беларусьтен 1отбасы, 2 адам;
Өтініш білдірген 8 этникалық қазаққа оралман мәртебесі ұзартылды.