2020 жылғы 1 қарашадағы бюджет қаражатының игерілуі туралы ақпарат.

2020 жылға нақтыланған жоспар 11 020 481,0 мың теңгенң құрайды.                                1 қарашадағы төлемдер бойынша жоспар 7 702 241,0 мың теңгені құрайды, игеру сомасы 7 678 881,5 немес 99,6 % құрайды. Игерілмеген қаражат 28 359,5 мың теңгені құрайды, соның ішінде:

         001-бағдарлама бойынша  барлығы 1465,7 мың теңге, оның ішінде 70,0 мың теңге ЕТҚ бойынша үнем, 150,0 мың теңге мемлекеттік сатып алудан үнем, 395,3 мың теңге ағымдағы ай бойынша іс-сапар шығындарынан үнем, 833,0 мың теңге жанар-жағар май бойынша акт ұсынылмады, 17,4 мың теңге ерекшеліктер бойынша үнем;

         003- бағдарлама бойынша  –9571,3 мың теңге,оның ішінде  9480,6 мың теңге протезді-ортопедиялық құралдарды дайындау қызметінің уақытылы көрсетілмеуінен,  90,7 мың теңге  мемлекеттік сатып алудан үнем;

        002- бағдарлама бойынша - 2880,5 мың теңге , оның ішінде  564,8 мың теңге ЕТҚ бойынша үнем, 534,0 мың теңге дәрі- дәрмек жеткізілмеді, 950,0 мың теңге антисептикалық құралдар мен шаруашылық заттар жеткізілмеді,  470,0 мың теңге автокөлік жөндеу қызметі бойынша орындалмаған жұмыс туралы акт ұсынылмады, тазарту қызметі көрсетілмеді, 114,3 мың теңге негізгі құралдар жеткізілмеді, , 247,4 мың теңге  мемлекеттік сатып алудан үнем;

           013- бағдарлама бойынша  11 235,1 мың теңге, оның ішінде  3737,0 мың теңге «Жұмыспен қамтудың жол картасы -2020» бағдарламасы бойынша Ақсай АЕҚКО ағымдағы жөндеу бойынша орындалған жұмыс  туралы акт ұсынылмады, 1958,8 мың теңге ЕТҚ үнем, 873,3 мың теңге дәрі дәрмек жеткізілмеді. 1469,3 мың теңге азық-түлік уақытылы жеткізілмеді,  522,9 мың теңге шаруашылық заттары жеткізілмеді, 239,9 мың теңге шаруашылық заттарына аяқталмаған конкурстық үдеріс, 72,5 мың теңге іс-сапар шығындарынан үнем, 894,8 мың теңге коммуналдық шығыстарға орындалған жұмыс туралы акт ұсынылмады, 1466, мың теңге мемлекеттік сатып алудан үнем;

015 бағдарлама бойынша игерілмеген қаражат  2 862,4 мың теңге – ЕТҚ мен мемлекеттік сатып алудан үнем, оның ішінде  2740,6 мың теңге ЕТҚ, 121,9 мың теңге – мемлекеттік сатып алудан үнем және ерекшеліктер бойынша қалдықтар;

-044 бағдарлама бойынша  -247,4 мың теңге ЕТҚ үнем;

-106 бағдарлама бойынша - 96,1 мың теңге мемлекеттік сатып алудан үнем.

Дата публикации
04 ноября 2020