Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы бойынша 2026-2028 жылдарға 57 662 969 мың теңге жоспарлануда, соның ішінде:
2026 жылы-18 955 012 мың теңге;
2027 жылы -19 707 778 мың теңге;
2028 жылы- 19 000 179 мың теңге.
Жұмыссыздық деңгейі 2026 жылы- 4,9%, 2027 жылы-4,9%,2028 жылы-4,9%.
Әлеуметтiк қамтамасыз ету және әлеуметтiк көмек саласында аса маңызды бағыттардың бiрi мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету, өмiр сүру сапасын жақсарту, табысы аз азаматтардың санатын жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға ынталандыру, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде мемлекеттік емес ұйымдарды қаржыландыру,өзін-өзі жұмыспен қамтыған, біліктілігі жоқ тұлғаларды нәтижелі жұмыспен қамтуды шешу болып табылады.
Басқарма 14 ведомствоға қарасты (11 стационар және 1 жартылай стационар, 1 оңалту орталығы, 1 еңбек мобильділігі орталығы) мекеме бар.
001 «Жергілікті деңгейде жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және халық үшін әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру саласында мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бағдарламасы бойынша 307 257 мың теңге облыстың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының аппаратын ұстауға қарастырылған.
002 «Жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда), арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында, әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында қарттар мен мүгедектерге арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету» бағдарламасы бойынша (Орал, Бәйтерек, Тасқала, Жалпақтал, Бөрлі АӘККО) 544,5 шт бірлік қызметшілер еңбекақысымен 718 қамқорланушыларға әлеуметтік көмек көрсетуге 2 468 272 мың теңге қарастырылған.
003 «Мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар балаларға әлеуметтiк қолдау көрсету үшiн «Мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтiк қолдау» бюджеттiк бағдарламасы бойынша 753 протездiк-ортопедиялық құралдармен қамтамасыз етуге 235 423 мың. теңге қаражат жоспарланып отыр.
013 «Психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда), арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында, әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында психоневрологиялық аурулармен ауыратын мүгедектер үшін арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету» бағдарламасы бойынша (Казталовка, Ақжайық, Ақсай, Круглоозерное, Дариян АӘККО) 534,5 штаттық бірлік қызметшілер еңбекақысымен 589 қамқорланушыларға әлеуметтік көмек көрсетуге 2 482 175 мың теңге жоспарлануда.
014 «Оңалту орталықтарында қарттарға, мүгедектігі бар адамдарға, оның ішінде мүгедектігі бар балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету» бюджеттік бағдарламасы бойынша мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау және оңалту орталығының ашылуына орай, 187,5 штаттық бірлік қызметшілер еңбекақысымен 150 қамқорланушыларға әлеуметтік көмек көрсетуге орталықтың қызметін қамтамасыз етуге 579 466 мың теңге жоспарлануда.
015 «Балалар психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемелерінде (ұйымдарда), арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында, әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында психоневрологиялық патологиялары бар мүгедек балалар үшін арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету» бағдарламасы бойынша (Көшім, Шапағат АӘККО) 242,5 шт бірлік қызметшілер еңбекақысымен 102 қамқорланушыларға әлеуметтік көмек көрсетуге 985 489 мың теңге жоспарлануда.
053 «Кохлеарлық импланттарға дәлдеп сөйлеу процессорларын ауыстыру және келтiру бойынша қызмет көрсету» бюджеттiк бағдарлама бойынша 1 мүгедектігі бар бала және 1 ересек адамға дәлдеп сөйлеу процессорларын ауыстыруға 13 545 мың.теңге жоспарланған.
064 «Еңбек мобильділігі орталықтары мен мансап орталықтарының жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі азаматтарды әлеуметтік қолдау бойынша қызметін қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша 323 штаттық бірлік қызметкерлер еңбекақысы мен орталық пен мансап орталықтарының қызметін қамтамасыз етуге 1 309 142 мың теңге қарастырылды.
066 «Сенім білдірілген агентке жастардың кәсіпкерлік бастамасына жәрдемдесу үшін бюджеттік кредиттер беру жөніндегі қызметтеріне ақы төлеу» бюджеттік бағдарламасы бойынша «Аграрлы несие корпорация» АҚ сенім білдірілген агентінің жылдық 2,5% мөлшерінде кредиттік мәмілелерді ұйымдастыру және сүйемелдеу үшін қызметтеріне 26 000 мың теңге қарастырылуда.
068 «Нәтижелі жұмыспен қамту» бағдарламасы бойынша 6 507 531 мың теңге төмендегі іс-шаралар бөлінісінде:
069 «Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құруға жұмыс берушінің шығындарын субсидиялау» бюджеттік бағдарламасының 13 мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құруға – 16 177 мың теңге.